Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шаралар

Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шаралар

Браконьерлікпен тиімді күрес жүргізу мақсатында 2003 жылдан бастап «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» мамандандырылған ұйымының жұмысы қамтамасыз етілді. Аталған мекеменің инспекторлық құрамы 50-ден астам адамды құрайды.

Отрядтың негізгі қызметі жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Жыл сайын табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында жұмыс жоспарлары қалыптастырылады. Жыл бойы балық аулауға тыйым салынған тыныштық аймақтарына тұрақты шығу жүргізіледі.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда анықталған құқық бұзушылықтар саны 11,8% - ға төмендеді.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен (дрондар) жетуге қиын жерлерді патрульдеу мүмкіндігі туды (қамыс ішінде, өзеннің сағасымен, тау беткейлері).

Бүгінгі күні Басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелері табиғат қорғау заңнамасының 438 бұзушылықтарын тіркеді (оның ішінде: аң аулау ережелерін бұзу – 72, балық аулау ережелерін бұзу – 260, орман заңнамасын бұзу – 106).

Барлық жерде жануарлар дүниесін қорғауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 89 аншлагты орнату және ұстау бойынша жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде жануарлар дүниесін қорғауды насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында басқарма қызметкерлері жергілікті халықпен және орман қоры аумағындағы азаматтармен барлық жерде әңгіме жүргізеді.