Жабайы жануарлардың санын тұрақтандыру бойынша биотехникалық іс-шаралар

Жабайы жануарлардың санын тұрақтандыру бойынша биотехникалық іс-шаралар

Облыс аумағында құстардың 335 түрі және сүтқоректілердің 94 түрі мекендейді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, құрып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.Облыстың біршама аумағын, ал ол 1 млн 325 мың га-дан асатын жер, ерекше күтілетін табиғат аймақтары алып жатыр (мемлекеттік қорықтар, табиғи резерваттар мен қаумалдар). Шығыс Қазақстанда олар – 11.Ерекше күтілетін табиғи аумақтарды құруға құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын сақтау мен көбейту мүмкіндік туғызды. Облыс аумағында ілбіс, сабаншы, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, жек дуадағы балықтардың эндемикалық түрлері –  майқан, үскіш, таймень секілді жануарлар мекендейді және олар қорғалады.Орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің аумақтарында биотехникалық іс шараларға  бағытталған тиімді жұмыстар жүргізіледі:

- жабайы тұяқты жануарлар санының өсуі үшін жағдай жасау (астаулар мен бастырмаларға жөндеу жүргізілді – 60 дана, шөп төселді – 5 тоннадан астам, дәнді дақылдар-6 тоннадан астам, тұз салынды және жаңарды – 9 тоннадан астам);

- зиянды жануарлардың санын реттеу (8-қасқыр, 44-жабайы ит атылды, 226- сұр қарғалар бор және суда жүзетін құстардың ұя салатын жерлерінде жойылды).

Жүргізілген биотехникалық іс-шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіпшілік түрлері популяциясының жай-күйін тұрақтандыруға және олардың санының тұрақты өсуіне қол жеткізілді (бұлан, марал, елік, сібір тау ешкісі, қабан, аю, саңырау құр, құр, шіл).Облыста халықаралық маңызы бар бірнеше ірі су қоймалары: Зайсан көлі, Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су қоймалары, Ертіс өзені және жергілікті маңызы бар 60-тан астам балық шаруашылығы су айдындары бар.Соңғы 5 жылдағы жалпы кәсіпшілік балық аулау лимиті жылына 7000-нан 10000 тоннаға дейін құрайды.Табиғи ортада балық қорын сақтау мақсатында соңғы 5 жылда балық жіберу көлемі 6 есеге артты. 6,5 млн. данадан (2017 жылы) 42 млн.данаға дейін (2021 жылы).