НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУПІ КЕЗЕҢІНДЕ ОРМАНҒА БАРУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУПІ КЕЗЕҢІНДЕ ОРМАНҒА БАРУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУПІ КЕЗЕҢІНДЕ ОРМАНҒА БАРУДАН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Егер сіз әлі де орманда болсаңыз, келесі ережелерді сақтаңыз:

Өрт қауіпті кезеңде орманда қатаң тыйым салынады:
1) Ормандарды өрттерден қорғау мақсатында қар еріген күннен бастап тұрақты жаңбырлы күзгі ауа райына дейін немесе орман қоры аумағында қар жауғанға дейін тыйым салынады: Жас қылқан жапырақты ағаштарда, бүлінген орман учаскелерінде мысалға алатын болсақ: (жел, дауыл құлатқан кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол мүлдем берілмейді);
✓ От жағуға тек арнайы жабдықталған алаңдарда ғана рұқсат етіледі, бұл ретте отты сумен сөндіруге өте мұқият болу керек, ол булануды тоқтатқанда қайтадан міндетті түрде су құю қажет, күрекпен жақсылап сөндіру қажет. (Егер сізде күрек болмаса, балта, үшкір таяқ пайдалануға да болады). Көмір мен күлді ұстап , олардың суық болуына көзімізді жеткізетін керек. Ормандағы отты
кез-келген жағдайда, тіпті ылғалды ауа-райында да және жаңбырдан кейінде өрт болмауы үшін сөндіру керек.
2) Жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;
3) Аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
4) Жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;
5) Іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын бағына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында мүлдем шылым шегуге, немесе ашық отты пайдалануға өтте қатаң тыйым салынады.
Орман өртінде барлық тіршілік иелері жойылады. Өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңайырақ.
ОРМАНДАРЫМЫЗДЫ ӨРТТЕН БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!
ӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ: ОТТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!