III санаттағы объектілер операторларының назарына!

III санаттағы объектілер операторларының назарына!

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 418-бабының                       9-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және жаңа кодекске сәйкес III санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

Қоршаған ортаға әсер туралы Декларация электрондық немесе қағаз түрінде ұсынылуы мүмкін:

- «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде;

- Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 303-кеңсе мекенжайы бойынша қағаз тасымалдағышта.

Анықтама телефоны-8 (7232) 25-70-82.