УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11939 болып тіркелді

  1. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша

шектеу мен тыйым салу

  1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

1) Балқаш көлінде - 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде -                             15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде - 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым енгізілген.

  1. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша

шектеу мен тыйым салу

  1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

1)  Жайсаң көлінде және Қарақастан бастап бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде – 16 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғанда;

2) Бұқтырма су қоймасының терең сулы бөлігінде бірінші Батин шоқысының басынан ағысты бойлап төмен қарай Бұқтырма СЭС – не дейін-1 мамырдан 15 маусымға дейін;

3) Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін Ертіс өзенінде - 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым енгізілген.