Облыста балық шаруашылық су объектілерін мелиорациялау өткізілді

Облыста балық шаруашылық су объектілерін мелиорациялау өткізілді

Ағымдағы жылдың 27-28 қаңтар аралығында Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында балық ресурстарының қырылуын болдырмау және суды оттегімен қанықтыру мақсатында Торанга шығанағы мен Қара Ертіс өзенінің атырауына аэрация жүргізілді. Бұл учаскелерде балық аулауға жыл бойы тыйым салынған.

Іс-шараға еріктілер, жергілікті тұрғындар, "Төре-Тоғам" ЖШС, "Дигам" ЖШС балықшылары, балық инспекциясы мен облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 мыңнан астам мұз шұңқырлары бұрғыланып ойылды.

Облыстың су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациясы одан әрі жалғасатын болады.