«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

🌿 «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ 🌿

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Шығыс Қазақстан облысында «Үлгілі ауыл» облыстық конкурсы басталады. Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және қолайлы өмір сүру ортасын құру.

Ауылдық елді мекендерді конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

📌 Қатысу үшін конкурстық өтінімді (бейнеөтінімді) аудандық әкімдікке тапсыру қажет.

📌 Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік өтінімдер облыстық кезеңге қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданады.

📅 Бейнеөтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 17 шілдеге дейін.

🏆 Жеңімпаз облыстық конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша анықталады.

#TazaQazaqstan #ҮлгіліАуыл #ШҚО #ТазаАуыл #АуылДаму #ЭкологиялықМәдениет #Абаттандыру #ҮлгіліАуыл2026 #ТазаҚазақстан2026