«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру

Ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениеті – бұл тек талаптар мен ережелер ғана емес, қоғамда біртіндеп орнығып келе жатқан жаңа ойлау форматы. Облыста бұл бағыттағы жұмыс жүйелі әрі ашық түрде жүргізілуде: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, бизнес және тұрғындар бірлесіп әрекет етуде. Оның негізгі тетігі – өңірлерді тазарту және жеке экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы.

Нәтижелер де айқын. Экологиялық рейдтер кезінде 7 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 150-ден аса стихиялық қоқыс орны жойылды. Ластану фактілері бейнебақылау арқылы тіркеліп, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылуда – жай тұрмыстық қоқыс тастауынан бастап, ірі көлемдегі қалдықтарға дейін. Бейнекамералар мына мекенжайларда орнатылды: Қабанбай батыр көш., 116; М. Тынышпаев көш., 139; Космическая көш., 10; Бурова көш., 25; Мызы көш., 15; Бурова көш., 9; Космическая көш., 12/2. Бұл – «ешбір заң бұзушылық назардан тыс қалмайды» қағидасының нақты көрінісі.

Алайда қоқыс пен қалдықтармен күрес – үлкен экожүйенің тек бір бөлігі. Өңірде атмосфералық ауаның сапасын бақылау мақсатында «Таза ауа» акциясы өткізіліп келеді. Экологтар мен полиция қызметкерлері 68 автокөлікті тексеріп, 10-ында рұқсат етілген нормадан жоғары шығарындылар анықтады. Барлық дерек бойынша хаттамалар толтырылды. Бұл акция автожүргізушілердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға және ауаға таралатын зиянды заттарды азайтуға ықпал етті.

Экологиялық мониторингті күшейту үшін өңір Halyk Bank қолдауымен жаңа мобильді зертханамен қамтамасыз етілді. Енді SO₂, NOₓ, CO, PM2.5, PM10 көрсеткіштері жедел түрде – оқиға орнында өлшеніп, тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жылдам жауап беру мүмкіндігі артты. Halyk Bank-тің атсалысуы – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің және маңызды экологиялық бастамаларды қолдаудың жарқын үлгісі.

Дегенмен, экология тек бақылау мен шара қолданумен шектелмейді. Нағыз ұзақ мерзімді өзгеріс – өскелең ұрпақтың санасына экологиялық әдет пен ойлауды сіңіру. Қоқыс үйінділерін жою мен ауа сапасына сынама жүргізу – бүгіннің қажеттілігі, ал білім мен тәрбие – ертеңнің кепілі. Осы мақсатта өңіріміздің 17 балабақшасында «Жасыл балабақша» жобасы іске асырылды. Мектеп оқушылары «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәндері және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы экология негіздерін меңгеруде. 86 мыңнан астам бала эко-сабақтарға, су тазарту тәжірибелеріне, тамшылатып суару көрсетілімдеріне қатысты. Оқушылар мен студенттер ағаш отырғызу және қалаларды көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда.

Осылайша экологиялық саясат бір тізбектей жүйеленуде: қоқыс пен қалдықтармен күрес, автокөлік шығарындыларын бақылау, мониторингті күшейту, экологиялық ағарту – барлығы бір мақсатқа қызмет етеді. Тәртіп хаттамадан емес, адамнан басталады.

Өзіңізден бастаңыз. Табиғатты аялаңыз. Ластауға, немқұрайдылыққа «жоқ» деңіз.

Таза Қазақстан – біздің қолымызда. 🌿