ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2025 жылғы 28 қараша сағат 10-00-де Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі Өскемен қаласы әкімдігінің ғимаратында Пермитина көшесі № 17) өткізіледі, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен облыс әкімдігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») ұйымдастырылады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 28 қарашаға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала WhatsApp нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz жолдауды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.