Өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша оқу-жаттығулар Риддерде өтті
2025 жылдың 22-23 мамыр аралығында КММ «Риддер орман шаруашылығы» аумағында «Өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғау басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбында оқу-жаттығулар өтті.
Іс-шараға төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, бірнеше орман шаруашылықтары мен басқа да қызметтер қатысты. Хабарлау, эвакуация және шартты өрт ошақтарын сөндіру бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Оқу-жаттығуға ШҚО табиғи ресурстар басқармасының басшысы Арман Нағашыбаевич Есентаев қатысып, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру үшін бірлескен жаттығулардың маңыздылығын атап өтті.
Нәтижесінде қатысушылардың әрекеттеріне баға беріліп, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.