«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
    1. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы К. Кунапьянова к-сі, 1).

    Негізгі қызметі:

    - балалар мен жасөспірімдер арасында олардың денсаулығын және жан-жақты дене дамуын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;

    - спорт резервін дайындауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы құрама командаларының және халықаралық дәрежедегі спортшылардың құрамын толықтыруға қабілетті,біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиелеу;.

    - балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту бойынша жұмыстарды жүргізу;

    - балалар мен жасөспірімдердің спорт түрлерінен сабақтарына қабілеттерін анықтау;

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;

          мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

     Лауазымдық жалақысы шамамен 202 808 теңгеден 245 988 теңгеге дейін (еңбек өтіліне байланысты).

    Білуі тиіс:

     Қазақстан Республикасының Конституциясы;

     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

     Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;

     «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы»,   

     «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас    

     жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы»  

     Қазақстан Республикасының заңдары;

     педагогика, психология және физиология негіздері;

     еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі    

     жөніндегі талаптар.

              Лауазымдық міндеттері:

    қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

    ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;

    оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

    педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

    ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;

    барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

    жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

          лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

    қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

    спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

    тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;

    ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады.

     «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»                                               Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

              1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

              2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

              3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

              4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

              5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

              6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

          Азаматтық қызметке тұру кезінде, тұлға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

          Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

          Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

     Конкурсты өткізу орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев д., 82/8,                          4 қабат, 403 кабинет.

    Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды баспа басылымдарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында www.sportvko.gov.kz конкурсты өткізу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап,                                      15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады және құжаттар 070004, ШҚО,  Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев д., 82/8, 4 қабат, 403 кабинет мекенжайы бойынша қабылдаданды, байланыс телефондары: 8-776-442-14-14, 8-7232-505-206, 505-205, 505-519 электрондық мекенжайы: kadry_sportvko@mail.ru