Барлығымыз Шығыс Қазақстан облысындағы спорт түрі ретіндегі футболдың тағдырына бей-жай қарамай алмаймыз.

Барлығымыз Шығыс Қазақстан облысындағы спорт түрі ретіндегі футболдың тағдырына бей-жай қарамай алмаймыз.

Барлығымыз Шығыс Қазақстан облысындағы спорт түрі ретіндегі футболдың тағдырына бей-жай қарамай алмаймыз.
Жыл сайын "ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы" Шығыс қазақстан облысы атынан футбол топтарын дайындау, қажеттіліктермен камтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Кубоктарына, футбол орталықтарының жасөспірімдер мен жастар топтары арасындағы жарыстарға қатысуға байланысты қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізеді.
Қазіргі таңда 2 байқау өткізілді. Бірінші конкурс бір ғана өтінім берілуіне байланысты өтпеді. Әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттардың сәйкессіздігіне байланысты қайталама байқау өтпеді.
Бүгінгі күні байқау қорытындыларын қайтадан қарау үрдісі жүріп жатыр. Қайта қарау мерзімі аяқталғаннан кейін ашық конкурс қайта жарияланады. Байқау қорытындысы 2021 жылдың сәуір айының соңында шығарылады.
"Восток" стадионы ШҚО ДШжСБ "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ қарамағында болып табылады, онда қазіргі уақытта алаңдарды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Дайындық аяқталғаннан кейін жаттығу орындары 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін жаттығуға беріледі.
Топтарды іс-сапарға жіберу жұмыстарын ашық конкурста жеңіп шыққан жеке меншік клуб жүзеге асырады. Байқау рәсімдері толығымен аяқталмағандықтан, іс-сапарға жіберу дене шынықтыру және спорт басқармасының қаражаты есебінен жіберу мәселесі қарастырылуда.