Өскеменде Аичи мен Нагояда өткен Азия ойындарының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды!

Өскеменде Аичи мен Нагояда өткен Азия ойындарының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды!

Есу слаломынан ел намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз Екатерина Таранцева, Александр Коробов және Анастасия Ананьева елге жүлдемен оралды. Азия додасында бағы жанып, қола медаль иеленген спортшыларымызды әуежайда туған-туыстары, бапкерлері, спорт қауымдастығы мен қала тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды.

Спортшыларымыздың бұл жеңісі — өңіріміздегі есу слаломы мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз, еңбектеріне жеміс және алдағы халықаралық ареналарда жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз! 🇰🇿