Кирилл Проходов XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Кирилл Проходов XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы, КГУ «ВКО СДЮСШОР по единоборствам имени Кажымукана» тәрбиеленушісі Кирилл Проходов Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында семсерлесуден күміс медаль иеленді.

Спортшы семсерлесудің рапира емес, шпага түрінен жеке жарыста жүлделі орынға ие болды.

Кирилл Проходов жарысты сәтті бастап, топтық кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті. 1/16 финалда Катар спортшысы Абдулрахман Аль-Джадрды 15:2 есебімен жеңді.

1/8 финалда Тайбэй өкілі Илу Гастон Гийемомен тартысты жекпе-жек өткізіп, 15:14 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда Қытай спортшысы Минхао Ланды 15:7 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Жартылай финалда Кирилл Проходов Гонконг өкілі Хой Сун Фонгпен кездесіп, 15:13 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.

Алтын медаль үшін өткен финалдық кездесуде Кирилл Жапония спортшысы Кано Кокимен кездесті. Тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша Кирилл 13:15 есебімен жеңіліп, XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Спортшыны жарысқа Ксения Ивановна Вендерских және Александр Александрович Пеньков жаттықтырушылары дайындады.

Кирилл Проходовты, жаттықтырушылар құрамын және барша қазақстандықтарды спортшының лайықты нәтижесімен және Азия ойындарындағы күміс медальмен құттықтаймыз!