ШҚО бокс чемпионатында Өскемен спортшылары жүлделі орындарға ие болды

ШҚО бокс чемпионатында Өскемен спортшылары жүлделі орындарға ие болды

13–17 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында 2009–2010 жылы туған жастар және 2011–2012 жылы туған кадеттер арасында бокстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

Жарыс барысында Өскемен қаласының жас боксшылары шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • Бақытбеков Амир, 2012 ж.т. — 70 кг салмақта 1-орын;
  • Боровских Рустам, 2010 ж.т. — 50 кг салмақта 1-орын;
  • Мухамедзаки Нұрдаулет, 2010 ж.т. — 70 кг салмақта 2-орын;
  • Айтбай Мухаммед, 2011 ж.т. — 60 кг салмақта 3-орын;
  • Бәйтікбай Алдияр, 2012 ж.т. — 42 кг салмақта 3-орын.

Спортшыларды жарысқа Д.Е. Дауылбай жаттықтырушысы дайындады.

Жас боксшыларды және жаттықтырушысын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!