
2026 жылғы 22 тамызда Риддер қаласында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың қысқы түрлері бойынша ШҚО МБЖОРМ» КММ-нің шаңғы жарысы және биатлон бөлімдерінің спортшылары арасында бақылау-бағалау нормативтері өткізілді.
Нормативтерді тапсыру барысында спортшылардың жалпы дене дайындығының деңгейі бағаланды.
Спортшылар жалпы дене дайындығы бойынша мынадай нормативтерді орындады:
Бақылау-бағалау нормативтерін өткізу спортшылардың дене дайындығының деңгейін анықтауға, спорттық көрсеткіштерінің динамикасын бағалауға және алдағы оқу-жаттығу процесін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.