Өскеменде «Қазақстан Барысы» турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

Өскеменде «Қазақстан Барысы» турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін, 31 шілдеде Өскемен қаласында қазақ күресінен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі бозкілемдегі белдесулер қорытындысы бойынша республикалық «Қазақстан Барысы» турниріне жолдама алған балуандар анықталды.

ШҚО намысын Астана қаласында өтетін финалдық кезеңде екі үздік спортшымыз қорғайды: • Аманжол Үсентай — Күршім ауданы • Серікбол Есентай — Ұлан ауданы

Естеріңізге сала кетейік, елдің ең үздік балуандары бас қосатын «Қазақстан Барысы» турнирі 15 тамызда Астана қаласында өтеді.

Жеңімпаздарымызға республикалық додада сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!