
2026 жылғы 11 шілде күні «Алтай – түркі әлемі» халықаралық фестивалі аясында Катонқарағай жерінде ат спорты сүйер қауым тағатсыздана күткен ең басты дода — Аламан бәйге мәресіне жетті. Елдің әр өңірінен жиналған 26 ең жүйрік сәйгүлік бақ сынасқан дүбірлі бәйгеде шабандоздардың тактикасы мен сәйгүліктердің төзімділігі сынға түсті. Жарыстың бас жүлдесіне су жаңа «Hyundai Mufasa» автокөлігі тігілді.
Шаң қуып, желмен жарысқан аламанның қорытындысы бойынша жүйріктер келесідей реттілікпен мәре сызығын қиды:
І орын (Бас жүлде — автокөлік иегері) — Манап Абумансур (№3 шабандоз), «Толағай» атты сәйгүлікпен (Абай облысы);
ІІ орын — Мерей Гариппулин (№10 шабандоз), «Бозбиік» атты сәйгүлікпен (Алматы облысы, Балқаш ауданы);
ІІІ орын — Амангелді Нұралы (№5 шабандоз), «Наурыз» атты сәйгүлікпен (Шығыс Қазақстан облысы);
IV орын — Амангелді Хамза (№2 шабандоз), «Жетісу» атты сәйгүлікпен (Жетісу облысы);
V орын — Әнуарбек Әлемжан (№4 шабандоз), «Желтоқсан» атты сәйгүлікпен (Шығыс Қазақстан облысы);
VI орын — Нұрзатұлы Бекзат (№19 шабандоз), «Көкбастау» атты сәйгүлікпен (Жетісу облысы, Талдықорған ауданы);
VII орын — Уалханов Әлихан (№21 шабандоз), «Қараторғай» атты сәйгүлікпен (Шығыс Қазақстан облысы).
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Аламан бәйгенің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ ат баптаған бапкерлерді шын жүректен құттықтайды! Ұлттық дәстүріміздің көркі болған бәйгеде жүйрік озып, ШҚО намысын лайықты қорғаған және өзге өңірлерден келіп жеңіске жеткен барша шабандоздарға амандық, тұлпарларына қажымас қуат тілейді. Аттарыңыз әрдайым бәйгелі, тақымдарыңыз мықты болсын!