
Дәстүрлі ұлттық ойындар аясында Катонқарағай ауданында жамбы атудан (ат үстінен садақ ату) тартысты жарыс өтті. Ұлттық спортты ұлықтап, мергендік пен шабандоздық шеберлікті ұштастырған айтулы бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының ең үздік сұрмергендері бақ сынады.
Сайыс нәтижесі бойынша тұлпарды тізгіндеп, нысананы дәл көздеген келесі спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді:
І орын — Қабиев Слямбек (Марқакөл ауданы);
І І орын — Қазбек Бигелді (Өскемен қаласы);
І І І орын — Қалымбек Нұрасыл (Самар ауданы).
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүйрік мініп, жамбы атудан алғашқы үштікті иеленген мергендерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтайды! Ата-бабамыздан қалған асыл мұра — ұлттық спорт түрлерін халық арасында кеңінен дәріптеп, өңір абыройын асқақтатып жүрген сабаздарға алдағы ірі республикалық және халықаралық додаларда жаңа биік белестерді бағындыра беруді тілейді. Садақтарыңыз серпінді, жебелеріңіз әрдайым нысанаға дөп тисін!