ШҚО БОКСШЫЛАРЫ ҚР КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ШҚО БОКСШЫЛАРЫ ҚР КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

2026 жылғы 21–27 маусым аралығында Шымкент қаласында бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері бас қосқан дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары деңгейдегі дайындық пен жеңіске деген темірдей ерік-жігер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Шаршы алаңдағы тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша келесі спортшыларымыз үздіктер қатарынан табылды:

  • Бердібекұлы Елдос (63 кг салмақ дәрежесінде);

  • Қуанышев Мирас (75 кг салмақ дәрежесінде);

  • Ризабек Мәди (+80 кг аса ауыр салмақ дәрежесінде);

  • Құмарбеков Мади (52 кг салмақ дәрежесінде).

Спортшыларымыздың бұл жетістігі — оқу-жаттығу жиындарындағы тынымсыз еңбек пен білікті бапкерлер құрамының жоғары кәсібилігінің жемісі. Шығыс Қазақстан облысының құрамасын жарысқа Т. Бейсенов, А. Ибраимов, А. Жансарбай, Е. Нурсеитов және Т. Кабдрахман сынды тәжірибелі мамандар дайындап апарды.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүлдегер атанған боксшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын республикалық Кубоктағы айтулы табысымен шын жүректен құттықтайды! Былғары қолғап шеберлеріне шаршы алаңда қажымас қайрат, мықты денсаулық және алдағы уақытта халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, жаңа биіктерді бағындыра беруді тілейді!