ШАХМАТТАН «SENAT OPEN – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ: ШҚО ҚҰРАМАСЫ КІШІ КУБОКТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

ШАХМАТТАН «SENAT OPEN – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ: ШҚО ҚҰРАМАСЫ КІШІ КУБОКТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Астана қаласында шахматтан «Senat Open – 2026» республикалық турнирінің мәресіне жетті. Шығыс Қазақстан облысының құрамасы үшін бұл маусым шын мәнінде сәтті әрі тарихи нәтижелермен есте қалмақ. Жарыс қорытындысы бойынша Шағын Кубок Өскеменге жол тартты!

Ел ордасындағы бас финалға жету жолында біздің команда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының мықтылары жиналған ең қиын жартылай финалдық іріктеу тобында топ жарып, өз деңгейін көрсеткен болатын. Енді, міне, республикалық деңгейдегі ең үздік зияткерлер бақ сынаған финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының құрамасы лайықты ойын үлгісін көрсетіп, жалпы есепте жоғары деңгейдегі тарихи 9-шы орынды иеленді.

Сонымен қатар, жерлестеріміз жекелеген санаттар бойынша үздік нәтиже көрсетіп, тұғырдан көрінді:

  • Александр Шевченко («Мәдениет» санаты) — І орын;

  • Владимир Игонин («Білім» санаты) — ІІ орын.

Бұл үлкен жетістік — интеллектуалды доданың әр кезеңінде намысты қолдан бермеген әрбір шахматшының табандылығы мен бірлескен командалық жұмысының жемісі.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы облыс құрамасын және жүлдегерлерді республикалық турнирдегі жарқын нәтижелерімен құттықтайды! Өңірімізде зияткерлік спорт түрлерін дамытуға және осы жеңісті жолда өз үлесін қосқан барша қатысушыларға шынайы алғыс білдіріп, алдағы уақытта да шахмат тақтасында жаңа биік белестерді бағындыра беруді тілейді!