ҚАЗАҚСТАН — СЕМСЕРЛЕСУДЕН 2026 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

ҚАЗАҚСТАН — СЕМСЕРЛЕСУДЕН 2026 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

2026 жылғы 19–23 маусым аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден бас жүлдені иеленіп, Азия чемпионы атанды! Құрлықтың ең мықты командалары бақ сынаған сында ұлттық құрама спортшылары зор табандылық пен жоғары кәсіби шеберлік танытып, алтын медальді қоржынға салды.

Бұл тарихи жеңіс Шығыс Қазақстан облысының спорт мектебі үшін де өте ерекше әрі маңызды сәт. Себебі, құрлықты бағындырған чемпиондар қатарында біздің өз тәрбиеленушіміз — Кирилл Проходов бар! Кириллдің осынау дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, бас команданың алтын тұғырға көтерілуіне қосқан үлесін мақтан тұтамыз.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Кирилл Проходовты, ұлттық құрама мүшелерін және бапкерлер құрамын Азия чемпионатының алтын медалімен шын жүректен құттықтайды! Спортшымызға алдағы халықаралық жарыстар мен әлемдік додаларда тек сәттілік тілейді, алар асулары мен бағындырар биіктері көп болсын!