ӨСКЕМЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ XIX ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ӨСКЕМЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ XIX ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілер күні аясында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы XIX облыстық Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекеттік аппарат өкілдерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық рухты нығайту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі дода жоғары деңгейде қорытындыланды.

Салтанатты жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жарыс жолында үздік шыққан ұжымдарға құрметті кубоктар мен дипломдарды салтанатты түрде табыс етті.

Тартысты өткен спорттық бәсекелердің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте келесі ұжымдар жеңіс тұғырынан көрінді:

Қалалар мен аудандар арасында:

  • І орын — Өскемен қаласы;

  • ІІ орын — Глубокое ауданы;

  • ІІІ орын — Күршім ауданы.

Облыстық басқармалар мен департаменттер арасында:

  • І орын — ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті;

  • ІІ орын — ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;

  • ІІІ орын — ШҚО бойынша Тексеру комиссиясы.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді спартакиададағы жарқын табыстарымен құттықтайды! Мемлекеттік қызметтегі жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық және спорт майданында жаңа биіктерді бағындыра беруді тілейді.