ШҚО ЕСКЕКШІСІ СҰЛТАН ШАРАПИЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ШҚО ЕСКЕКШІСІ СҰЛТАН ШАРАПИЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

2026 жылғы 3–7 маусым аралығында Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден U23 жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Айта кету керек, бұл беделді халықаралық дода Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылды. Азия құрлығының 16 елінен ең үздік спортшылар жиналған біріншілікте Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Сұлтан Шарапиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, зор табысқа қол жеткізді. Жерлесіміз жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына үш бірдей халықаралық марапатты салды.

ШҚО спортшысының Азия чемпионатындағы жүлделі көрсеткіштері келесідей:

  • С-1 200 метр (бір орындық каноэ) бағдарламасында жекелей сында жүлделі орын;

  • С-2 500 метр Mix (аралас жұптық каноэ) бағдарламасында Түркістан облысының спортшысы Ульяна Киселевамен бірге тандемде халықаралық жүлде;

  • С-4 500 метр (төрт орындық каноэ) бағдарламасында Астана қаласынан Юрий Горбов, Алматы облысынан Владислав Руденко және Түркістан облысынан Полат Төребековпен бірге құралған экипаж сапында тағы бір медаль.

Халықаралық инспекторлар мен қатысушылардың бағалауынша, құрлықтық дода өте жоғары деңгейде өтті. Су айдынындағы арнайы белгі буйлары бар жолақтар мен заманауи «Imas» стартық жүйесі жарыстың әділ әрі халықаралық стандарттарға сай өтуін қамтамасыз етті. Сайыс ережесіне сәйкес, бұл автоматты жүйе спортшыларды бір сызықтың бойына дәлдікпен тұрғызып, «Старт» командасы берілген сәтте ловушкалар су астына лезде түсіп, ескекшілердің бір уақытта қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушы елдердің спортшылары мен қайықтары үшін кондиционерлермен және қажетті жабдықтармен толық қамтылған арнайы эллингтер (бокстар) жұмыс істеді.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Сұлтан Шарапиевті және оның бапкерлер құрамын халықаралық аренадағы жарқын триумфымен құттықтайды! Сондай-ақ, осынау ауқымды әлемдік деңгейдегі жарысты жоғары деңгейде өткізуді өз мойнына алып, ұйымдастыру жұмыстарына зор еңбек сіңірген Түркістан облысының жергілікті әкімшілігіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Спортшымызға су айдынында жаңа биіктерді бағындыра беруді тілейміз!