
2026 жылғы 3 маусымда Балаларды қорғау күніне орай 2015–2016 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан салтанатты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Өңірдегі балалар спортын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен турнирге облыстың 7 командасы қатысты.
Жарысқа Серебрянск қаласының БЖСМ, Өскемен қаласының «Спорт орталығы» (2 команда), Өскемен қаласының «Реал 16» ФК (2 команда) және Глубокое ауданының БЖСМ (2 команда) ұжымдары қатысып, жасыл алаңда өзара мықтыны анықтады. Тартысты әрі тартымды өткен кездесулердің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын — Глубокое ауданы БЖСМ бірінші командасы;
ІІ орын — Өскемен қаласы «Спорт орталығының» бірінші командасы;
ІІІ орын — Серебрянск қаласының БЖСМ командасы.
Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жас аяқдопшылар арнайы аталымдармен марапатталды. Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып Давид Васильев танылса, мергендігімен көзге түскен Тимофей Шестаков «Үздік сұрмерген» (бомбардир) номинациясын иеленді.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жас футболшыларды және олардың бапкерлерін сәтті өнер көрсетулерімен құттықтайды, спортшыларға алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер тілейді.