
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында балаларды топпен тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ведомстволық бағынысты мекеме басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №349 бұйрығына сәйкес әзірленген нормативтік талаптар талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — спорт ұйымдары қызметіндегі ең маңызды міндеттердің бірі. Спорт мектептері мен мекемелері тәрбиеленушілердің жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына және бұқаралық іс-шараларға тұрақты түрде шығуын ұйымдастыратындықтан, кәмелетке толмағандарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы ерекше бақылауда тұр. Кеңестің негізгі мақсаты — заңнаманың негізгі талаптарын басшыларға жеткізу және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілерін қарастыру болды.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізен және қажетті ұсынымдар беру үшін жиынға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Жол-техникалық инспекциясы тобының аға инспекторы, полиция майоры Тимур Қайырбекұлы Темірқанов шақырылды. Тәртіп сақшысы қатысушыларға балаларды автокөлікпен тасымалдау кезіндегі ішінара ережелерді, құжаттандыру тәртібін және іс-жүзіндегі қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Басқарма басшылығы ведомстволық бағынысты ұйымдарға ұсынылған ақпаратпен мұқият танысып, оны қызметте мүлтіксіз орындауды тапсырды.