«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
  1. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (ШҚО Алтай ауданы, Алтай қаласы, Спортивная к-сі, 77).

Негізгі қызметі:

         1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

         2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;

         3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

еңбек өтілі:

облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық заңды тұлғалары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;

Лауазымдық жалақысы шамамен 249790 теңгеден 301822 теңгеге дейін (еңбек өтіліне байланысты).

Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы;

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

         Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;

         Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

      «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;

         «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;

      педагогика, психология және физиология негіздері;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

      еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

         Лауазымдық міндеттері:

дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

         дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;

      оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

         дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;

      барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;

қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;

дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 Конкурс «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын қызметке тағайындауды, қызметтен босатуды бекіту туралы қағидалар» негізінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде келесі құжаттарды ұсынады:

 мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін – еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш, білім туралы диплом және еңбек қызметін растайтын құжат.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурсты өткізу орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев д., 82/8,                          4 қабат, 404 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды баспа басылымдарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында www.sportvko.gov.kz конкурсты өткізу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап,                                      7 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады және құжаттар 070004, ШҚО,  Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев д., 82/8, 4 қабат, 404 кабинет мекенжайы бойынша қабылдаданды, байланыс телефондары: 8-776-442-14-14, 8-7232-505-206, 505-205, 505-207 электрондық мекенжайы: kadry-sportvko@mail.ru.