ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

2026 жылғы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілерінің XIX облыстық спартакиадасы аясында қазақ күресінен жарыстар жалғасты. Үшкемпіров көшесі, 3А мекенжайындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатқан турнирге 19 командадан 75 спортшы қатысуда. Палуандар 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде бақ сынап жатыр.

Күннің бірінші жартысында қалалар мен аудандар арасындағы жалпыкомандалық есептің жеңімпаздары анықталды:

  • 1-орын — Өскемен қаласы;

  • 2-орын — Тарбағатай ауданы;

  • 3-орын — Зайсан ауданы.

Облыстық басқармалар мен департаменттер арасындағы жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орын — Мемлекеттік кірістер департаменті;

  • 2-орын — ШҚО әкімі аппараты;

  • 3-орын — ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті.