
2026 жылғы 24-27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында еркін және әйелдер күресінен Ф.М. Жмайловты еске алуға арналған республикалық турнир ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас палуандар боз кілемде өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен белдесулер қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 35 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Рахимов Ислам, 38 келіде Асланұлы Ерсұлтан және 52 келіде Рахат Ақжүрек өз салмақтарында жеңімпаз атанды.
Спортшыларымыздың бұл жеңісіне бапкерлер М. Сейтовтың, Д. Турдиннің және Д. Садыбаевтың қосқан үлесі зор. Жас чемпиондарды және олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы додаларда сәттілік тілейміз.