ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы бүкіл ел бойынша жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба бүгінде нағыз халықтық қозғалысқа айналды. Осы игі бастамадан қалыс қалмаған Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы сенбілікке белсене атсалысты.

Спорт саласының қызметкерлері тазалық пен абаттандыру жұмыстарына ерекше ықыласпен кірісіп, бекітілген аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» — тек қоғамдық орындарды тазарту ғана емес, сонымен бірге экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырудың жарқын көрінісі.