2026 жылғы 20–23 сәуір аралығында Өскемен қаласында мемлекеттік қызметшілердің XIX облыстық Спартакиадасы аясында баскетболдан жарыс өтті. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (ФОК) ұйымдастырылған додаға өңірдің қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттерден 190 қатысушы (20 ерлер және 18 әйелдер командасы) қатысты.
Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша қалалар мен аудандар арасында Глубокое ауданының ерлер және әйелдер құрамалары қос алтынды иеленіп, айқын басымдық танытты. Әйелдер арасында Күршім мен Зайсан аудандары жүлдегер атанса, ерлер арасында Зайсан мен Ұлан аудандары үздік үштікке енді. Облыстық ведомстволар арасындағы бәсекеде әйелдер тобында Қазынашылық департаменті, ал ерлер арасында Мемлекеттік кірістер департаменті чемпион атанды. Спорттық рухты нығайтуға бағытталған бұл шара мемлекеттік қызметшілердің жоғары дайындығын көрсетті.