ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ БАТУТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТРИУМФАЛДЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ БАТУТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТРИУМФАЛДЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

2026 жылғы 14–20 сәуір аралығында Павлодар қаласында батуттық гимнастикадан ересектер арасында жекелей-командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары феноменальды нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық медальдық есепте құрметті 1-орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Виталия Смотрикова акробатикалық жолдағы жеке секіруден чемпион атанса, Роман Барков пен Руслан Сатыга батуттағы синхронды секіруден алтын алды. Сондай-ақ, Руслан Сатыга аралас секіруден үздік шықты. Командалық сында Роман Барков, Руслан Сатыга, Адал Манат және Марк Барковтан құралған облыс құрамасы қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын осынау айтулы табысымен құттықтаймыз!