ШҚО СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУҒА АТСАЛЫСТЫ

ШҚО СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУҒА АТСАЛЫСТЫ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері тазалық шарасына қатысты.

Сенбілік барысында басқарма ұжымы бекітілген аумақтағы тарихи-мәдени мұра нысандарын (ескерткіштер, стелалар мен бюстер) қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндай бастамалар қаламыздың көркін сақтауға ғана емес, келешек ұрпақ үшін тарихи құндылықтарымызды қастерлеуге бағытталған. Өңірдің спорт саласының өкілдері ортақ іске біркісідей атсалысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.