
2026 жылғы 19-27 сәуір аралығында Өскемен қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ауыр атлетикадан жекелей-командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Айтулы дода Серикбаев көшесі, 37/2 мекенжайында орналасқан «Олимпиец» спорт кешенінде ұйымдастырылған.
Республикалық біріншілікте еліміздің барлық өңірлерінен, атап айтқанда Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан келген 18 команда бақ сынауда. Жалпы қатысушылар саны — 256 спортшы.
Бұл жарыс жас теміржолшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ел намысын халықаралық аренада қорғайтын дарынды спортшыларды іріктеуге мүмкіндік береді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!