ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА КӨКПАРДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА КӨКПАРДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

2026 жылғы 17-20 сәуір аралығында Ұлан ауданының Жанұзақ ауылында ұлттық спорт жанашыры Төлеген Ағланбекұлын еске алуға арналған көкпардан ересектер арасындағы ашық облыстық турнир ұйымдастырылды. Ат үстіндегі тартысты додаға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан жиналған 17 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнир қорытындысы бойынша алаң иелері — Ұлан ауданының құрамасы шеберлік танытып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Күміс жүлде Жарма ауданының шабандоздарына бұйырса, үшінші орынды Глубокое ауданының командасы місе тұтты. Сондай-ақ үздік төрттікті Өскемен қаласының көкпаршылары түйіндеді. Ұлттық рухты асқақтатқан бұл жарыс бабалар мұрасын дәріптеуге және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға септігін тигізді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!