ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің XIX облыстық Спартакиадасы аясында волейболдан өткен бес күндік тартысты дода өз мәресіне жетті. Жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттерден жиналған 22 команда қатысты.

Облыстық ведомстволар арасында жоғары шеберлік көрсеткен ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті алтын медальді иеленді. Екінші орынды Облыстық сот командасы қанағат тұтса, үздік үштікті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түйіндеді.

Қалалар мен аудандар арасындағы бәсекеде Катонқарағай ауданының спортшылары қарсылас шақ келтірмей, турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлде Зайсан ауданына бұйырса, қола жүлдені Глубокое ауданының құрамасы иеленді. Барлық қатысушыларды мазмұнды ойынмен, ал жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!