
Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы 2025/2026 жылғы маусымды жеңіспен аяқтап, Қазақстан чемпионатының қола медальдарын иеленді. Петропавл қаласында өткен плей-офф кезеңінің үшінші матчында біздің команда жергілікті «Құлагерден» 3:1 есебімен басым түсті. Серия бойы айқын басымдық танытқан өскемендіктер жалпы 3:0 (7:2, 6:1, 3:1) есебімен жеңіске жетіп, тұғыр биігінен көрінді. Шешуші ойында Михаил Рахманов, Никита Колобов және Максим Мусоров шайба соғып, команданың табысқа жетуіне айтарлықтай үлес қосты. Барша жанкүйерлер мен хоккейшілерді осынау лайықты жеңіспен құттықтаймыз!