ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ауқымды жұмыстарды қолға алды. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқарма мен оның барлық ведомстволық ұйымдары апта сайынғы негізде жаппай сенбіліктер өткізіп келеді.

Тазалық шараларына облыстағы спорт мектептерінің, клубтар мен спорттық нысандардың ұжымдары біркісідей атсалысуда. Акция барысында спорт ғимараттарының іргелес аумақтары қоқыстан тазартылып, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама тек тазалықты сақтап қана қоймай, жас спортшылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті оятуды көздейді. Спорт саласының өкілдері өз істерімен үлгі көрсете отырып, барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға және экологиялық бастаманы қолдауға шақырады.