Өскемен қаласында 2015 жылы туған және одан кіші жастағы балалар арасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты ұйымдастырылды. Өңірімізде спорттың осы түрін танымал етуді көздейтін додаға 51 жас спортшы қатысты, оның ішінде 29 ұл және 22 қыз бала бақ сынады. Жарыс географиясы да ауқымды болды: турнирге Өскемен қаласынан бөлек, Алтай, Самар, Тарбағатай және Глубокое аудандарының намысын қорғайтын үміткерлер жиналды. Кішкентай ракетка шеберлері тақта үстіндегі тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерліліктерін танытты. Бұл чемпионат болашақ чемпиондарды анықтауға және облыс құрамасын толықтыратын дарынды балаларды іріктеуге мүмкіндік берді.