РИДДЕРДЕ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

РИДДЕРДЕ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2026 жылғы 3-5 сәуір аралығында Риддер қаласында шаңғы жарысынан Шығыс Қазақстан облысы чемпионатының II кезеңі ұйымдастырылды. Үш күнге созылған додада аймақтың ең үздік жас шаңғышылары түрлі қашықтықтар бойынша бақ сынасты. Жекелей жарыс нәтижесінде өз жас ерекшеліктері бойынша Роман Ермолаев, Максим Чукаленко, Роксана Мильц, Еркеназ Бекербол, Элина Мусабирова және Александра Богданова алтын тұғырдан көрінді. Сондай-ақ, Захар Макаров, Руслан Сарымсаков және Анна Гилева жүлдегерлер қатарынан табылып, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Жарыстың екінші бөлігінде өткен масс-старт бәсекесі де тартысты өтті. Бұл кезеңде Захар Макаров, Максим Чукаленко, Алексей Кузнецов, Роксана Мильц, Еркеназ Бекербол, Элина Мусабирова және Александра Богданова жеңіске жетіп, чемпионаттың абсолютті көшбасшылары екенін дәлелдеді. Роман Ермолаев пен Руслан Сарымсаков та жүлделі орындарды иеленіп, команда қоржынын толықтырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамын табысты нәтижелерімен құттықтаймыз!