СПОРТШЫЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА БОКСШЫЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

СПОРТШЫЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА БОКСШЫЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спортта дарынды балаларға арналған облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» бокс бөлімі үшін жаңа спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында жас былғары қолғап шеберлеріне заманауи бокс қолғаптары мен арнайы қорғаныс шлемдері табысталды. Бұл қолдау өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына қосымша серпін беріп, шеберліктерін шыңдауға жол ашады. Сонымен қатар, мекеменің 8 «А» сынып оқушысы Науырызғазы Нұржан бокс бойынша Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат (КМС) нормативін сәтті орындап, мектеп мерейін үстем етті. Жас спортшының бұл жетістігі — табанды еңбек пен жүйелі жаттығудың жемісі. Жеңімпазды және оның жаттықтырушыларын құттықтай отырып, алдағы халықаралық додаларда көк туымызды биікте желбірете беруіне тілектеспіз!