ШҚО спортшылары киокушинкай-кан каратэден ҚР Кубогында топ жарды

ШҚО спортшылары киокушинкай-кан каратэден ҚР Кубогында топ жарды

2026 жылғы 02–03 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшылар «кумите» және «ката» дисциплиналары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, облыс қоржынына бірнеше алтын, күміс және қола медаль салды.

Жарыс барысында біздің каратэшілер табандылық пен жоғары шеберліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе, ката және кумите түрлерінен жерлестеріміздің басымдығы байқалды.

Кумите дисциплинасы бойынша нәтижелер:

  • 1-орын: Амиргалиев Жангир (12–13 жас, +55 кг салмақ дәрежесінде 10 қатысушы арасында үздік шықты).

  • 1-орын: Алтаева Аяулым (14–15 жас, 45 кг).

  • 2-орын: Касымханова Адиля (14–15 жас, 45 кг, 13 қатысушы).

  • 2-орын: Жуманов Санжар (12–13 жас, 40 кг, 16 қатысушы).

  • 2-орын: Жанболат Рамина (12–13 жас, 45 кг, 14 қатысушы).

  • 2-орын: Талгатов Алдияр (14–15 жас, 45 кг, 15 қатысушы).

  • 3-орын: Султанов Досалы (16–17 жас, 55 кг, 11 қатысушы).

  • 3-орын: Құдайберген Алихан (14–15 жас, 50 кг, 20 қатысушы).

Ката дисциплинасы бойынша нәтижелер:

  • 1-орын: Жанболат Рамина (12–13 жас, қыздар арасында).

  • 1-орын: Талгатов Алдияр (14–15 жас, ұлдар арасында).

  • 1-орын: Болатова Ақерке (14–15 жас, қыздар арасында).

  • 3-орын: Құдайберген Алихан (14–15 жас, ұлдар).

  • 3-орын: Талгат Маулия (14–15 жас, қыздар).

Спортшыларымыздың бұл жеңісі — қажырлы жаттығу мен бапкерлердің ерен еңбегінің жемісі. Команданы жарысқа дайындаған білікті жаттықтырушылар — Ә. Қанқожаев, З. Ертаев және Б. Аксеновқа алғыс білдіреміз.

Шығысқазақстандық спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы халықаралық додаларда сәттілік тілейміз!