2026 жылдың 30-31 наурыз күндері «Нұртау» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 35-тен астам үздік спортшы бақ сынаған додада Шығыс Қазақстан облысының өкілдері айрықша шеберлік танытты.
ШҚО спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырының барлық сатыларынан көрініп, облыс намысын абыроймен қорғады. Жарыс нәтижелері келесідей:
Могул (ерлер):
Павел Колмаков
Максим Емельянов
Антон Бондарев
Могул (әйелдер):
Юлия Галышева
Аяулым Әмренова
Анастасия Городко
Қос могул (ерлер):
Федор Бугаков
Павел Колмаков
Семен Русаков
Қос могул (әйелдер):
Юлия Галышева
Анастасия Городко
Аяулым Әмренова
Спортшыларымыз бен олардың жеңіске жетуіне зор еңбек сіңірген бапкерлер құрамын — Е.А. Круглыхинаны, В.Е. Горлачёвты, С.П. Аксёновты және Д.В. Бармашовты жарқын табыстарымен құттықтаймыз. Шығыс қазақстандық фристайлшыларға алдағы халықаралық додаларда жаңа белестерді бағындыруды тілейміз.