Шығыс Қазақстанда фристайл-могулдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Шығыс Қазақстанда фристайл-могулдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

«Нұртау» тау-шаңғы курортының беткейлерінде фристайл-могулдан Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар мен турнир ұйымдастырушылары қатысты. Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорты және спорттық резерв бөлімінің басшысы Аида Жұханова қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және өңіріміздің мақтанышы — аты аңызға айналған Ольга Рыпакова қатысты. Сондай-ақ, спортшыларды «Нұртау» ТК бас директоры Айдар Мадияров құттықтады.

2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғаған Шығыс Қазақстан облысының үздік фристайлшыларының қатысуы чемпионаттың мәртебесін айқындай түсті. Жалпы, медалдар үшін могулдан 38 мықты шебер бақ сынасуда. Жарыс халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін, ұзындығы 200 метрлік кәсіби трассада өтуде.