
Тараз қаласында 2026 жылғы 16–18 наурыз аралығында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі (U-23) спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің ең мықты балуандары бас қосқан боз кілемде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің балуандар келесі нәтижелерге қол жеткізді:
🥈 Күміс жүлде: Нұрдәулет Бекенов (97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде).
🥉 Қола жүлде: Айқын Болатұлы (74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде).
🥉 Қола жүлде: Бекзат Сыбанбай (65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде).
Бұл жетістік — спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылар құрамының кәсіби шеберлігінің жемісі. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы балуандарды жарысқа баптаған тәжірибелі жаттықтырушы-оқытушылар — А. Ерболұлы, Т.З. Екібаев және К.Д. Кабдыкалыковтың еңбегін ерекше атап өтеді.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Сіздерге қажымас қайрат, болаттай төзім және алдағы халықаралық додаларда жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!