
2026 жылғы 16-17 наурыз аралығында Өскемен қаласында гандболдан 2011 жылы туған және одан кіші қыздар арасында облыс Чемпионаты өтті. Спорттық шара жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және өңірдегі командалық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Екі күнге созылған тартысты бәсекелердің нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
🥇 1-орын — «№1 БЖСМ» командасы;
🥉 3-орын — «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп» ұжымы.
Жас спортшылар алаңда жоғары дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін және ұйымшыл командалық ойын үлгісін көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамын табысты өнер көрсетулерімен құттықтайды.