Қазақстан Республикасының кикбоксингінің негізін қалаушы Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден озды

Қазақстан Республикасының кикбоксингінің негізін қалаушы Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден озды

ҚазКСР және Қазақстан Республикасының кикбоксинг және жекпе-жек
өнерлері федерациясының бірінші президенті, КСРО және Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО әуе күштері
әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстан Республикасында кикбоксингың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махметовтың дүниеден өтуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы атынан туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Сабыржан Ғалымжанұлы өмірін спортты дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге арнап, артында өшпес із, алғысқа толы шәкірттер қалдырды. Оның кәсібилігі, парасаттылығы және ісіне адалдығы әріптестері мен спортшылар арасында зор құрметке ие болды.
Қайғыларыңызға ортақпыз, қабырғаларыңыз қайыспасын. Алла оның
жанына тыныштық беріп, жәннаттық етсін!