
2026 жылғы 10–11 ақпанда Өскемен қаласындағы Б. Александров атындағы Спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан «Ақпан жұлдызы» атты VII Республикалық турнир жалауын көтереді. Тарихында жетінші рет ұйымдастырылып отырған бұл дода жыл санап танымалдылығын арттырып, қатысушылар географиясын кеңейтуде. Биылғы жылы еліміздің 8 қаласынан — Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Сәтбаев, Теміртау және Өскеменнен 285 спортшы өз бағдарламаларын ұсынады.
Спортшылар 15 санат бойынша бақ сынап, 30 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Жарыстың сәніне айналатын Спорт шеберлері бағдарламасында өскемендік София Мухаметкаирова мен Екатерина Доставалова, сондай-ақ Алматыдан келген жерлесіміз Ульяна Пригода өнер көрсетеді. Жергілікті тәрбиеленушілер арасында бірінші спорттық разряд бойынша ел чемпионы Мария Сосновская, Семён Резник және Джахонгир Абылқасымов басты үміткерлер қатарында.
«Звёздный» мәнерлеп сырғанау клубының жетекшісі Екатерина Пригоданың айтуынша, қатысушылардың деңгейі соншалықты жоғары, бұл турнирді Қазақстанның бейресми чемпионаты деп атауға болады. Төрешілер алқасының құрамына Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларынан Ресей чемпионаттарында жұмыс істеу тәжірибесі бар бейтарап мамандар шақырылды.
Турнирдің қорытындысы ретінде 11 ақпан күні сағат 19:15-те гала-концерт өтеді. Онда жарыстың ең үздік қатысушылары мәнерлеп сырғанаудың тек спорт емес, нағыз өнер екенін паш ететін болады.
ЖАРЫС КЕСТЕСІ
10 ақпан:
08:00 – 09:15 — Алғашқы қадамдар
09:15 – 11:40 — Жас мәнерлеп сырғанаушы
12:00 – 14:20 — III жасөспірімдер разряды
14:30 – 18:05 — II жасөспірімдер разряды
18:15 – 19:25 — I спорттық разряд
19:35 – 21:00 — СШҮ мен СШ
11 ақпан:
07:45 – 10:45 — Жас мәнерлеп сырғанаушы, III жасөспірімдер (Б тобы), II жасөспірімдер (Б тобы)
11:00 – 13:30 — I жасөспірімдер разряды, II спорттық разряд, «Ересектер»
13:50 – 16:30 — II спорттық разряд және I спорттық разряд
16:40 – 18:30 — СШҮ мен СШ
19:15 – 21:00 — ГАЛА-КОНЦЕРТ