7 ақпанда Өскемендегі «Земснаряд» қазаншұңқырларында мұз үстінен мормышкамен балық аулаудан Шығыс Қазақстан облысының Кубогы өтті

7 ақпанда Өскемендегі «Земснаряд» қазаншұңқырларында мұз үстінен мормышкамен балық аулаудан Шығыс Қазақстан облысының Кубогы өтті

 Жарысқа 21 спортшы қатысып, қысқы балық аулаудағы шеберліктері мен төзімділіктерін көрсетті. Қатысушылар олжаның әрбір грамы үшін таласып, құрал-сайманды меңгеру техникасы мен балық іздеу тактикасы бойынша бақ сынасты. Турнир адал бәсекелестік жағдайында өтіп, аймақтағы балық аулау спортын ұнататындар үшін маңызды оқиғаға айналды.