ШҚО-да шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру спортынан «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі өтті

ШҚО-да шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру спортынан «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Жарыс екі қысқы спорт түрінен — шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден өтті.

Конькимен жүгіру спорты бойынша Өскемен, Риддер қалалары мен Самар ауданынан 9 қатысушы бақ сынасты. Шаңғы жарысынан Серебрянск, Өскемен және Риддер қалаларынан барлығы 17 спортшы қатысты.

Бұл іріктеу кезеңінің мақсаты — Ұлттық инклюзивті ойындардың финалдық кезеңіне қатысу үшін ең үздік спортшыларды анықтау. Мұндай бастамалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды спортқа тартып, өңірдің белсенді спорттық өміріне араластыруға мүмкіндік береді.